​Өзін сүндеттеп жатқанда ән шырқаған бала көпшілікті тәнті етті (видео)

0
6 082

"Мен-дағы ел үшін туғанмын!"


​Өзін сүндеттеп жатқанда ән шырқаған бала көпшілікті тәнті етті (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі арқылы өзін сүндеттеп жатқан кезде дауыстап патриоттық ән шырқаған баланың видеосы тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бейнежазбада баланың емханадағы үстел үстінде жатқаны, оны дәрігер сүндетке отырғызғалы жатқаны түсірілген. Баланы басқалар ұстап тұрғанмен ол жыламай, керісінше патриоттық әнді шырқай жөнеледі.

"Мен-дағы ел үшін туғанмын!" деген баланы қасындағылар қолдап тұр.

Бұл видеоны әлеуметтік желіде "Міне, жігіт!" деп тәнті болып, белгілі әнші Сәкен Майғазиев те салды. Оған көпшілік жарыса пікір қалдырып жатыр.

"Жүрегімізді елжіретіп жіберді мына бала. Мұсылман болуыңмен, балапан!", "Жеңілдігін берсін!Нағыз Алаштың туын ұстайтын атқа мінер азаматы болып жатыр,құтты болсын!", "Жарайсың, Батыр. Сіздей болсын қазақтың балапандары. Құтты болсын" десіп құттықтап, разы болғандарын білдіруде.