Пара беру туралы ұсыныс үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылады

0
909

Көрсетілген консультативтік құжаттар жария талқылау үшін 13 мамырда «Ашық НҚА» интернет-порталында, сондай-ақ Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылатын болады.


Пара беру туралы ұсыныс үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылады

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының концепциясы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда, деп жазады Ulysmedia.kz.

1. Адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлық жасаушылардың жария тізімін енгізу;


2. Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және реттеуді регламенттеу;

3. Пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру;

5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту;

6. Сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту;

7. ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызу;

8. Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу мақсатында ӘҚБтК-ге түзетулер енгізу жоспарланған.


Көрсетілген консультативтік құжаттар жария талқылау үшін 13 мамырда «Ашық НҚА» интернет-порталында, сондай-ақ Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылатын болады.