Паралимпиада-2020: Теміржан Дәулет күміс медаль алды

0
523

Теміржан жартылай финалда грузин Георгий Калданиден айласын асырып, қарсыласын иппонмен жеңді.


Паралимпиада-2020: Теміржан Дәулет күміс медаль алды

ERNUR.KZ. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық парадзюдошы Теміржан Дәулет күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміржан Дәулет 73 келі салмақта сынға түсті. Ол финалда өзбекстандық Феруз Саидовпен шеберлік байқасты. Бәсеке барысында Теміржан қарсыласының осал тұсын табуға тырысты. Дегенмен қарсыласына иппон әдісімен жол беріп қойды.

Теміржан жартылай финалда грузин Георгий Калданиден айласын асырып, қарсыласын иппонмен жеңді.

Айта кетейік, бұдан бұрын ел құрамасынан пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев чемпион атанса, парадзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер болды.

Бұған дейінгі Паралимпиада ойындарында 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Зүльфия Габидуллина еркін әдіспен 100 метрге суға жүзуден чемпион атанды.

Сол жолы тағы бір қазақстандық Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 келіде екінші орын алды.

Токио Паралимпиадасы 24 тамызында басталды, ол 5 қыркүйекте мәресіне жетеді. Жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы