Парламент ЕАЭО аясында кедендік тексеру бойынша заңды қабылдады

0
2 322

Аталған құжатты Мәжіліс 2020 жылдың желтоқсанында мақұлдаған болатын.


Парламент ЕАЭО аясында кедендік тексеру бойынша заңды қабылдады

ERNUR.KZ. Парламент Сенатының жалпы отырысында «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Армения Республикасындағы заңнамалық өзгерістерге байланысты Армения Республикасы шартқа өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасады. Түзетулер лауазымды тұлғалар тізбесі бойынша кедендік жете тексеруге қатысты. Бұл лауазымды тұлғалар атауларының заңнамалық өзгерістеріне байланысты», - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

«Халықаралық шарттар туралы» заңға сәйкес хаттама ратификациялауға жатады. Хаттаманы ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Айта кетейік, аталған құжатты Мәжіліс 2020 жылдың желтоқсанында мақұлдаған болатын.