Павел Дуров Hamster Kombat қосымшасын қолданушыларға виртуалды ақшаны Қазақстан арқылы шығару мүмкіндігін ұсынбақшы

0
1 006

TON жүйесі транзакциялау комиссиясы төмен, жылдамдығы жоғары блокчейн жасауға арналған.


Павел Дуров Hamster Kombat қосымшасын қолданушыларға виртуалды ақшаны Қазақстан арқылы шығару мүмкіндігін ұсынбақшы

ERNUR.KZ. Telegram мессенджерін жасаушы, негізін қалаушы Павел Дуров Hamster Kombat қосымшасының криптовалютасы жуырда ғана «Астана» халықаралық қаржы орталығында ресми түрде таныстырылған The Open Network (TON) блокчейн жүйесінде пайда болатынын мәлім етті. Қазақстан блокчейн технологиялар және жасанды зейін қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев осы өзгерістер қазақстандықтардың өміріне қалай әсер ететінін айтты, деп жазады inform.kz.

TON жүйесі транзакциялау комиссиясы төмен, жылдамдығы жоғары блокчейн жасауға арналған. П.Дуров бұл жүйе осы типтес жүйелердің ішіндегі әлдеқайда жылдам әрі жетілген екенін айтып жүр. Бірінші кезекте орталықтандырылмаған, қосымшалар мен сервистердің жұмысына бағытталған. Жақында Астана халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу комитеті TON жүйесі өздерінің нормативтік стандарттарына сәйкес келеді.

Hamster Kombat – Telegram мессенджерінің TON блокчейн жүйесінің базасында жұмыс істейтін шағын қосымшасы. Ол қосымша қолданушыларға экранды түрту арқылы ғана виртуалды валюта табуды ұсынады. Қарапайым ғана ойын арқылы табылған цифрлық ақшаны шынайы криптоақшаға айналдыруға болатыны туралы мәліметтер әлем бойынша 239 миллионнан астам қолданушыны тапқан. Қазақстанда да бұл ойын туралы бейнероликтер көп тарап жатыр.

Дәурен Қарашев бұл жобаны әлі де зерттей түсу керек деп отыр. Айтуынша, бүгінде альткоиндар нарығының жағдайы мәз емес. Ал Hamster Kombat пен оның HMSTR токені өзіне ұқсас жүйелердің ішінде көш бастап тұр деуге келмейді. Hamster Kombat қосымшасы NOT жүйесінің арқасында ғана қолданушылар арасында танылып жатыр. Алайда шілде айында Hamster Kombat-тың көрсеткіштері көңілге үміт ұялайтындай болмауы мүмкін.

«Жалпы Tap-To-Earn («түрт те ақша тап» деген мағынада) тренді осы NOT жүйесінен бастау алған. Бірақ бұл «экран басқыш» ойындарды сәнге айналдырған алғашқы жоба да осы болатын. Ал криптовалюта нарығында ең алғашқы болып көрінудің маңызы зор. Ал оның соңынан осы трендке ілескен басқа жобалардың табысы алғашқысындай болмайды», - дейді сарапшы.

Сондай-ақ ол жүйенің қолданушылары өте көп екенін де ескеру қажеттігін айтады. Дәурен Қарашевтың сөзінше, Hamster Kombat арқылы ақша тапқысы келетіндер кезіндегі NOT жүйесі арқылы ақша табуға ниеттілерден 7 есе көп. Яғни қосымшаны жасаушылар тіркелген қолданушылардың бір бөлігін ғана «жарылқауы» мүмкін.

Павел Дуровтың Toncoin-ды Астана халықаралық қаржы орталығында тіркеуі оның артынан HMSTR де келеді деген сөз емес.

«Қазір бізге Астана халықаралық қаржы орталығының жобаларды іріктеу қисыны түсініксіз. AFSA-ның лицензияланған платформаларында саудаға шығарылған тізімінде ескі жобалар көп. Олардың көбінің сауда көлемі аса төмен. Солай дегенмен ел аузында жүрген жаңа жобалар да бар. Ол жобаларды қандай негізге сүйеніп мақұлдап жатқаны құпия боп қалып отыр», - деді Д.Қарашев.

Қауымдастық төрағасы бұл бастамалар жаһандық деңгейде биржаларға аса бір әсер ете қоймайтынын айтады. Ал қосымшаны ойлап тапқанда қазақстандықтар болғанда жағдай басқаша болар еді.