Салдарынан республикалық жол учаскесінде жеңіл және жүк көліктерінен кептеліс пайда болды.
ERNUR.KZ. Павлодар-Нұр-Сұлтан тасжолында өзбек трикотажы бар көп тонналы жүк көлігі жанып кетті, деп жазады Tengrinews.kz
Салдарынан республикалық жол учаскесінде жеңіл және жүк көліктерінен кептеліс пайда болды.
Павлодар облысының ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама 12 ақпанда сағат 01.38-де түскен.
"40 шаршы метр алаңда трикотаж бұйымдары тиелген 2010 жылғы Renault Premium жүк көлігі толықтай жанып кетті", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Автокөлік Өзбекстаннан Ресейге бара жатқан.
Өрт орнынан жүк көлігінің екі жүргізушісі эвакуацияланды. Олар Қалқаман ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Ведомство мәліметінше, өрт 05.00-де толығымен жойылды, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
"Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды. Шығын анықталып жатыр", - деді Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілі.