Павлодар әкімінің орынбасары ұсталды

0
488

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.


Павлодар әкімінің орынбасары ұсталды

ERNUR.KZ. 15 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар қаласы әкімінің орынбасарын ұстады, деп жазады sputnik.kz.

"Ол жол жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы шарттың жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалиақбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Антикор хабарламасында.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.