Оралмандар мен қоныс аударушылардың ішінде 1444 адам еңбекке қабілетті жаста.
ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Павлодар облысына 3120 адам қоныс аударды, деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов аппарат отырысында атап өткендей, қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік бағдарламасы түзету еңгізуді қажет етеді.
Мәселен, басқарма басшысы Ертіс ауданына берілетін квотаны 24 бірлікке, Успен ауданына берілетін квотаны 10 бірлікке кемітіп, Екібастұзда – 15, Баянауыл мен Шарбақты аудандарында сәйкесінше, 9 бен 10 бірлікке арттыруды сұрады.
«Оралмандар мен қоныс аударушылардың ішінде 1444 адам еңбекке қабілетті жаста. Көшіп келгендер арасында жұмыспен қамтылу деңгейі 73% құрады. Олардың ішінде 840 адам тұрақты жұмыс істейді, 146-сы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 66-сы - кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері, екеуі – Қарулы Күштер қатарына шақырылды», - дейді Қайрат Нұрмағамбетов.
Бұл ретте, еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың жалпы санынан 340 адам үш жасқа дейінгі балаларды немесе мүгедектерді күту бойынша әлеуметтік демалыста, 66 адам – студенттер. Қайрат Нұрмағамбетов айтып өткендей, 2019 жылы облыс бойынша жалпы 16513 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 5445-і – уақытша жұмыс орындары.