Павлодар облысында 4 жасар бала септикке батып кетті

0
530

Бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағашпен жабылған септикке құлады.


Павлодар облысында 4 жасар бала септикке батып кетті

ERNUR.KZ. 31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Полиция мәліметінше, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағашпен жабылған септикке құлады.

“Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодар облысы Шарбақты ауданында 8 жасар бала тереңдігі 3 метр болатын сантехникалық траншеяға құлап кеткен. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.