Павлодар облысында 8 жасар бала терең шұңқырға құлап кетті

0
497

Жарақат алған ұл бала Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.


Павлодар облысында 8 жасар бала терең шұңқырға құлап кетті

ERNUR.KZ. 30 мамырда Павлодар облысы Шарбақты ауданы ауылдарының бірінде 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала тереңдігі шамамен 3 метр су құбыры траншеясына құлады, деп жазады inbusiness.kz.

Осы факті бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің бастығына қатысты ҚР ҚК 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

"Күдіктіге қатысты іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы - келу туралы міндеттеме қолданылды", делінген хабарламада.