Жол-көлік оқиғасы Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген.
ERNUR.KZ. Жол апаты Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында орын алған, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Жол-көлік оқиғасы Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен.
"1987 жылы туған ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылы туған ер адам жабық бас миының жарақаты, бетінің жыртылған жарақатымен Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді", - деді басқармада.Ал, үшінші адамды анықтау мүмкін болмаған.
Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсеткен.
"Үшінші адам «Индрайвер» қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады", - деді басқармада.