Павлодар облысында ер мен әйел балконнан құлап кетті

0
938

Олар бесінші қабаттан құлап кеткен.


Павлодар облысында ер мен әйел балконнан құлап кетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Ақсу қаласында ер адам мен әйел балконнан құлап, ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады, деп жазады Stan.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамызда төртінші қабаттың балконының металл қоршаулары сынған кезде құлаған ер адам мен әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Жазатайым оқиға зардап шеккендердің үйінде болған.

Алған жарақаты салдарынан 27 жастағы әйел есін жимастан қаза болды.

Ал бір күннен кейін Екібастұз ауруханасына 37 жастағы жергілікті тұрғын жатқызылды, ол бесінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан абайсызда құлап кеткен.


"Жазатайым оқиғалардың барлық фактілері бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді полиция ведомствосында.