Жол апаты 21 қарашада болған.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлйды Хабар24.
Жол апаты 21 қараша күні сағат 23:30-да Павлодар-Омбы тасжолының 31-ші шақырымында, Сычевка ауылының маңында болған.
Полицияның хабарлауынша, ВАЗ-2107 мен Lada Vesta көліктері бетпе-бет соқтығысқан.
Салдарынан 53 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен 40 жастағы Lada көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
– Жарақат алған ВАЗ-2107 жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды, тексеру жүргізіліп жатыр, - деп толықтырды ПД.