Павлодар облысында құтырма жұқтырған малдармен байланыста болған 39 адам анықталды

0
2 474

Өңірде бруцеллез және құтырма аурулары өзекті болып отыр.


Павлодар облысында құтырма жұқтырған малдармен байланыста болған 39 адам анықталды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында құтырма жұқтырған малдармен байланыста болғандар анықталды. Олар профилактикалық вакцина алуда, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, профилактикалық, эпидемияға және эпизоотологияға қарсы шараларды күшейту мақсатында 9 наурыздан бастап онкүндік басталады. Онкүндік аясында Ұлттық сараптама орталығы филиалымен бірлесіп, мамандарға аурулардың негізгі аспектілерін түсіндіру бойынша облыстық семинар және басқа да шаралар өткізілді.

- Өңірде бруцеллез және құтырма аурулары өзекті болып отыр. Мысалы, адамның құтыру ауруына шалдығу қаупі өзгеріссіз қалады, өйткені ондаған жануарлар түрі вирустың резервуары болып табылады. Жыл басынан бері жануарлар арасында құтыруға қатысты 12 күдікті жағдай тіркелді, ал 5 жағдайда құтыру ауруы зертханалық расталды. Ауру ошағында ауру малдармен байланыста болған 39 адам анықталды, олар профилактикалық вакцина алуда. Құтырма ауруының өлімге әкелетін ауру екенін және оны емдеудің әдісі әлі күнге дейін жоқтығын қосу керек. Аурудың дамуының алдын алудың бірден-бір жолы - уақтылы емдік-профилактикалық вакцинация, - дейді департаментте.

Жұқтыру ауру жануарлармен байланыста болғанда орын алады (емізу, сауу, тістеу, төлдеу т.б). 2020 жылы Павлодар облысында 15 адам бруцеллезбен ауырды, ал 2021 жылдың басынан Успен ауданында 2 жағдай тіркелді.
Ауру созылмалы ағыммен жүреді және әртүрлі органдардың зақымдануымен және тірек-қимыл аппаратының зақымдануының қайтымсыз үрдісімен сипатталады.