Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін көршісі 2019 жылы туған қызды үйден құтқарып алып шыққан.
ERNUR.KZ. Зардап шеккен тағы бір бала ауруханаға жеткізілді, деп жазады pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 2022 жылғы 19 желтоқсанда сағат 23:13-те келіп түскен. Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі 16 мекенжайында бір қабатты қамыс үй отқа оранған.
Өрт 64 шаршы метр аумақты қамтып, шатыр жартылай құлаған.
"Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін көршісі 2019 жылы туған қызды үйден құтқарып алып шыққан. Ол ауруханаға жатқызылды,. Жеңіл көміртегі тотығымен улану диагнозы, оң қабақтың және 1-ші дәрежелі сол жақтың термиялық күйігі анықталды. Сондай-ақ барлау кезінде үйінділердің астынан 1958 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың күйген денелері табылды", - деді департаментте.
Өрт түнгі сағат 01:47-де ТЖД күштерімен жойылды. Өртке Павлодар облысы ТЖД 21 қызметкері мен 3 техникасы және полиция, жедел жәрдем, жергілікті атқару органы, жергілікті полиция қызметі ( 8 қызметкер және 3 техника) жұмылдырылды.