Марқұмның әйелі үйде жиі жанжал болатынын айтқан.
Ақсудағы ауылда өз үйінің қорасында учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды. Ер адамның мәйіті мал қорасынан табылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, таңғы сағат 06:35-те М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полиция инспекторының асылған мәйіті сарайдың ішінде табылған.
Марқұмның әйелі үйде жанжалдар жиі болатынын айтқан.
"Аталған факті бойынша ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.