Медициналық қорытындыда жүргізушінің мас болмағандығы жазылған.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында жүк көлігі көпірдің тірегін бұзып, құрылымның бір бөлігі көліктің үстіне құлады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Оқиға орнына келген полицейлер сағат 22:20-да 42 жастағы «Shacman» маркалы көліктің жүргізушісі Павлодарға қарай тасжолмен келе жатып, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, кузовымен көпірдің тірегін соққан. Оқиға салдарынан көпірдің бір бөлігі қирады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодар-Қызылорда тасжолының 42-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабар Ақсу қалалық кезекшілік бөліміне 23 тамыз күні кешкі сағат 22:46-да түскен.
«Анықталғандай, бұдан бұрын жүргізуші Шекарашы ауылында салынып жатқан көпір маңында құм түсірген. Кейін көлік құралының кузовын түсірмей, жолға шығып кеткен», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Жанна Белялова.
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық қорытынды бойынша, жүргізуші мас болмаған.
«Аталған факті бойына жүргізушінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы «Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал сотқа жіберілді», - деп атап өтті полиция.