Павлодар, ШҚО облыстарында қар жауады

0
1 058

14 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.


Павлодар, ШҚО облыстарында қар жауады

фото: kaz.nur.kz

ERNUR.KZ. 14 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райы өзгеруі мүмкін, деп жазады inform.kz.

14 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін.

Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 14-15 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүруі мүмкін. 15-16 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.

14 мамырда күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне найзағай түсіп, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 15-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүреді.

14-15 мамыр аралығында Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 14-16 мамыр күндері түнде 1-6 градус үсік жүруі ықтимал.

Ал, елордада 14 мамырда найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. 15-16 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүреді. Дауылдың ықтималдылығы 90-95 %.