Павлодарда 10 ветеринар жалған дипломмен жұмыс істеген

0
616

Бірақ жұмыс барысында кәсіби біліктілігі шала екендігі білініп қалған.


Павлодарда 10 ветеринар жалған дипломмен жұмыс істеген

ERNUR.KZ. Павлодар облысында 10 ветеринар жалған дипломмен жұмыс істеген. Кейбірі тіпті осы салада 15 жылға таяу қызмет атқарған, деп жазады zakon.kz.

Бірақ жұмыс барысында кәсіби біліктілігі шала екендігі білініп қалған.

Әбден зәрезеп болған тұрғындар мал дәрігерлерінің арнайы білімі жөніндегі құжатының қаншалықты заңды екендігін тексеру үшін құқық қорғау органдарына арыз жазған.

Сол себепті облыстағы 400-ден аса ветеринар маманның дипломы түгелдей тексерілді. Қазір жалған диплом иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Бүгінгі күні бұл адамдар бәрі жұмыстан шығарылды. 10 дипломның ішінде төртеуі Ресейден, қалғаны бәрі өзімздің Қазақстан Республикасынан. Біздің мекемеміздің құзыретінде тек қана сол жұмыстан шығару, әрі қарай өзі жаңағы ішкі істер органдары өздері шешеді", - деді Бақытжан Әбдірахманов, облыстық ветеринарлық станциясы басшысының орынбасары.