Осы әрекеті үшін павлодарлық тұрғын 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады.
ERNUR.KZ. Павлодар тұрғыны кәмелетке толмаған баласын көлік тізгініне отырғызғаны үшін жауапқа тартылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі хабарласып, қала көшелерінің бірінде кішкентай баланың көлік айдап жүргенін айтқан. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары автокөліктің иесін дереу анықтады, ол – 47 жастағы жергілікті тұрғын екен. Ер азамат 10 жасар ұлына көлік айдауды үйрету үшін, оны тізгінге отырғыза салған.
Осы әрекеті үшін павлодарлық тұрғын 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады.