Павлодарда баласын далаға тастап, қашып кеткен әйел ұсталды

0
526

Күдікті әйел екі сағаттан астам уақыт аралығында ұсталды.


Павлодарда баласын далаға тастап, қашып кеткен әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында баласын далада қалдырған ана ұсталды, деп жазады Polisia.kz.

Павлодарда учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылының арқасында баласының өмірін қатерге тіккен 33 жастағы ана ұсталды.

26 қараша сағат 20.40-та полицияға Павлодар қаласындағы «Автовокзал» трамвай аялдамасының орындығынан 8-9 айлық азиат типтес бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көзбен шолып қарау кезінде балада көзге көрінетін дене жарақаты болған жоқ. Дереу бала туралы бағдар жасалып, аумақтық және шекара маңындағы аудандарға таратылды.

Жақын маңдағы барлық көшелер тексерілді, куәгерлер мен көрген адамдар сұралды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары қыс мезгілінде үлкен жұмыс атқарды.

Нәтижесінде учаскелік инспекторлар 32 жастағы жергілікті тұрғын басқарған «Toyota Camry» автокөлігін анықтады. Оның айтуынша, ол «InDriver» мобильді қосымшасы арқылы жолаушылар тасымалымен айналысады.

26 қарашада ол Семейден Павлодар қаласына баласы бар әйелді әкеліп, автовокзалға қалдырған. Екі сағаттан астам уақыт аралығында күдікті әйел ұсталды.


«Оқиға бойынша ҚР ҚК 119-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.