Павлодарда екі балақай 20 метр жардан домалап құлап кетті

0
360

ТЖД мамандары көмекке келді.


Павлодарда екі балақай 20 метр жардан домалап құлап кетті

ERNUR.KZ. Павлодарда екі балақай 20 метр жардан домалап құлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ТЖД хабарлауынша, 23 тамызда сағат 13.40-та теміржол көпірінің маңында екі бала тереңдігі 18-20 метр тік жардан домалап, өздігінен көтеріле алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті.

«Құтқарушылар дереу жедел-құтқару автокөлігімен және өзен бойындағы су көлігімен жолға шықты. Альпинистік жабдықтың көмегімен екі бала жоғарыға көтеріліп, 103 қызметінің мамандарына тапсырылды. Құтқару операциясына Павлодар облысы ТЖД 6 қызметкері қатысты», - деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар тұрғындарға су қоймасының маңында балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді, балаларды қадағалауға шақырады.