Павлодарда кәріз құдығынан сәбидің жансыз денесі табылды

0
1 030

Сәби шала күйінде дүниеге келген және шүберекке оралған, - дейді тәртіп сақшылары.


Павлодарда кәріз құдығынан сәбидің жансыз денесі табылды

ERNUR.KZ. Павлодардағы кәріз құдықтарының бірінен шала туған сәбидің өлі денесі табылды деп хабарлайды nur.kz.

Басылымның мәліметінше, адамдар кәрізден жағымсыз иіс тараған кезде оған назар аударған.
Өңірлік полицияның хабарлауынша, сәби шала күйінде дүниеге келген және шүберекке оралған.
Тәртіп сақшылары бұл оқиғаға қатысты "түсіктің заңсыз өндірісі" факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ полция нәрестеге қанша апта болғанын анықтайтын қажетті бірқатар сараптама тағайындалғанын және бақылау камералары тексерілетінін атап өтті.

Сонымен қатар полиция қызметкерлі жүктілігі бойынша есепте тұрған барлық әйел адамдар жайлы деректерді тексермек.