Павлодарда қазақ тілін үйрететін волонтерлік орталық ашылды

0
1 221

Онда тек тіл үйрету емес, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, ұлттық құндылықтары кеңінен дәріптеледі.


Павлодарда қазақ тілін үйрететін волонтерлік орталық ашылды

ERNUR.KZ. Ертіс өңірінде қазақ тілін үйретуге бағытталған тың жоба жүзеге асып жатыр. Ол «Тіл волонтері» деп аталады. Жоба шеңберінде қалалық кітапхананың жанынан тіл үйрететін волонтерлер орталығы ашылған. Ал сенбі, жексенбі күндері мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген қала тұрғындары үшін тегін оқу курстары жүргізіледі, деп жазады 24.kz.

Онда тек тіл үйрету емес, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, ұлттық құндылықтары кеңінен дәріптеледі. Мемлекеттік тілді насихаттайтын оқу-әдістемелік құралдар тегін таратылады. Латын алфавиті де үйретіледі. Тіл волонтері жобасына Павлодар қаласының әкімдігі қолдау білдірген.

Жаз мезгілінде саябақтарда, халық көп баратын демалыс орындарында сабақтар жүргізу жоспарланып отыр. Ал қоғамдық көліктер, яғни автобус, трамвайларда қазақ тілін үйрететін бейнероликтер көрсетіледі. Жоғары қызығушылыққа ие болған жоба аудандарда жалғасын таппақ.

"Мына волонтер орталығын ашқаннан кейін кісілер жазылып жатыр. Қазір 90-80-ге жуық адамымыз жазылды. Топтарға іріктеліп қосылып отыр. Әр сенбі, жексенбі күндері сабақтарымыз бар, оған қоса дүйсенбіден жұмаға дейін 9-дан бастап 6-ға дейін бізде топтарымыз іріктелген. Онда тек қазақ тілі емес, латын қарпіне де сөз, мән болады. Себебі ол енді өте өзекті мәселе" - дейді тіл волонтері жобасының жетекшісі Шолпан Кенжикова.