Павлодарда қазандықтың жарылуынан екі адам зардап шекті

0
720

Жарылыс газ қоспасының дұрыс пайдаланылмауы салдарынан болуы мүмкін.


Павлодарда қазандықтың жарылуынан екі адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Оқыс оқиғадан жұмысшылар жарақат алып, ғимарат қирады, деп жазады inbusiness.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәліметінше, жергілікті кәсіпорындардың бірінде газбен жылытылатын қазандықтың жарылған.

"20 ақпан күні сағат 16.26-да "Blue Star PV" ЖШС қазандығының ғимаратында газ қоспасының жарылуынан төбе опырылып, оң жақтағы қабырға жартылай құлады",-делінген департамент хабарламасында.

Кәсіпорын жұмысшылары да зардап шекті. Операторлардың бірінің денесін күйік шалып, ол облыс орталығындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Автогазды тасымалдайтын көлік жүргізушісі де дене жарақатын алды. Бірақ ауруханаға барудан бас тартты.

Алдын-ала тексеру жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, жарыоыс болған қазандық ғимараты газ арқылы жылытылған. Сондықтан оқыс оқиғаға газ қоспасының дұрыс пайдаланылмауы себеп болуы мүмкін. Мамандар мән-жайды анықтауда.