Павлодарда лауазымды тұлға ұсталды

0
2 506

​Филиал басшысын Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ұстады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Павлодарда лауазымды тұлға ұсталды

ERNUR.KZ. Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының басшысы ұсталды, деп жазады sputniknews.kz.

Агенттіктің хабарлауынша, филиал басшысы жұмыс барысында көрсеткен қамқорлығы үшін қоластындағылардан жүйелі түрде сыйақы алған деген күдікке ілінді.

Филиал басшысын Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ұстады.


"ОЛ өзінің орынбасарымен бірге төрт жыл бойы қоластындағы 100-ден астам адамнан ай сайын 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақша алғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.


Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу") жарияланбайды.