​Павлодарда нанның бағасы шарықтап кетті

0
1 391

Соңғы үш аптада Павлодарда шикізат бағасы қамбаттай берді.


​Павлодарда нанның  бағасы шарықтап кетті

ERNUR.KZ.Ертіс өңірінде бірінші сұрыпты ұннан жасалатын формалы нанның бір бөлкесі бірден 10 теңгеге қымбаттады. Бұған павлодарлықтар алаңдаушылық білдіруде, деп жазады BAQ.KZ

Тұрғындар мен нан саудалаушы азаматтардың айтуынша, ас атасының қымбататуы туралы ешқандай ресми ескерту болмаған. Нәтижесінде 500 граммдық бөлкенің бағасы 75 теңгеден 85 теңгеге көтерілген.

Өңірде нан-тоқаш өнімдерін өндіруші «ПХБК» ЖШС-нің үлесінде облыс орталығы нарығының төрттен бір бөлігі бар. Кәсіпорын өкілдерінің хабарлауынша, нанды қымбаттатудың басты себебі - ұн бағасының шарықтауы.

«Соңғы үш аптада шикізат бағасы қамбаттай берді. Аймақ бойынша ұн бағасы 10 теңгеге көттерілді. Десе де, бүгінгі күнге дейін формалы нанның бағасын ұстап тұрдық. Бірақ, көпке соза алмадық. Бағаны көтеруге мәжбүр болдық. Мәселен, қарабидай ұны 27 теңгеге қымбаттады», - дейді компания директоры Виталий Сартаков.

Нан нарығындағы осындай жағдай аймақтың жер-жерлерінде осындай сипатқа ие. Мәселен, Екібастұз қаласында нанның босату бағасы - 80 теңге. Жергілікті әкімдік мамандарының мәліметі бойынша баға өсімі 14,2%-ды құраған. Бөлшек нарықта ас атасы 85 теңгеден сатылуда.

Бүгінде Екібастұз өңірінде жеті наубайхана жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда тәулігіне 15 тонна өнім пісіріледі. Наубайхана мамандарының айтуынша, жыл басынан бері астықтың бір тоннасы 62 мың теңгеден 66 мың теңгеге бірақ қымбаттағна. Ал бірінші сұрыпты ұнның келісі 76 теңгеден 83 теңгеге өскен.

Айта кетейік, аймақта нан бағасы соңғы рет былтырғы жылдың қыркүйек айында өзгерген. Сол сәтте формалы нан 70 теңгеден 75 теңгеге өскен.