Павлодарда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

0
280

Ол үйде жалғыз тұрған.


Павлодарда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

ERNUR.KZ. Павлодар облысының Малиновка ауылында өртеніп кеткен үйден ер адамның мәйіті табылды. 1969 жылы туған марқұм үйде жалғыз тұрған, деп жазады ulysmedia.kz.

Шарбақты ауданы Малиновка ауылында 1969 жылғы ер адам өз үйінде тосыннан болған өрттен көз жұмды. Оқиға бүгін таңертең болған.

14 қазан күні сағат 06.12-де Шарбақты ауданы Малиновка ауылындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды сөндіруге кірісті. Алаңы 15 шаршы метр аумақта ағаш еден және терезе жақтаулары өртенген. Өрт сөндіру барысында үйден 1969 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол аталған үйде жалғыз тұрған. Өртке ӨСБ-7 күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандар өрттің шығуына үйдегі пеш немесе темекі тұқылы себеп болуы мүмкін екенін айтады.