Қайғылы оқиға жүк автокөлігінің дөңгелегін ауыстыру кезінде орын алған.
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Жібек жолы көшесіндегі шиномонтаж шеберханаларының бірінде болған, деп жазады 24.kz.
"16 шілде күні сағат 13:00-де жүк автокөлігінің дөңгелегін ауыстыру кезінде шина жарылған. 38 жастағы қызметкер алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды", – дейді облыстық Полиция департаментінде.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігіне сәйкес, «абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.