Павлодарда шұңқыр қазған тұрғын мерт болды

0
1 216

Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды.


Павлодарда шұңқыр қазған тұрғын мерт болды

ERNUR.KZ. Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, 15 қазан күні кешкі сағат 19:08-де Достоевский көшесі, 60 мекенжайы бойынша екі ер адам топырақ астында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Бригада оқиға орнына төрт минутта жеткен, деп жазады inbusiness.kz.

– Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды. 51 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, – деді станцияда.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында 46 жастағы тірі қалған ер адам қатты стресс алғанын хабарлады.