Павлодарда төрт жасар бала 10 қабаттан құлап кетті

0
566

Шақырту Целинная көшесіндегі үйден түскен.


Павлодарда төрт жасар бала 10 қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:41-де шақыртуға жеделдіктің бірінші санаты бойынша жіберілген жедел жәрдем оқиға орнына үш минутта жеткен, деп жазады pavlodarnews.kz.

"Төрт жасар бала жақын жердегі Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға – стационарға жеткізілді", – деді станцияда.

Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.