Павлодарда жасырын есірткі әзірлейтін зертхана анықталды

0
853

Табылған есірткінің нарықтық құны шамамен 14 млн теңге.


Павлодарда жасырын есірткі әзірлейтін зертхана анықталды

ERNUR.KZ. ҚР ҰҚК-нің Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында "гидропоника" әдісін қолданып есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан павлодарлықты ұстады, деп жазады zakon.kz.


Атап айтқанда, 2020 жылдың 25 мамырында жалға алынған гаражда тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған есірткі зертханасында қолдан өсірілген "голланд" және "мексика" сорттарының 28 элиталық қарасора түбі табылды (нарықтық құны шамамен 14 млн теңге), сондай-ақ сатуға дайындалған дәрілік заттар да шықты, - дейді ведомствадағылар.



Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі, яғни "Есірткі , психотроптық заттарды, олардың баламасын сату немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді.

Тәркіленген заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.