Павлодарда жеке үйден шыққан өрттен бір жасар сәби тірідей өртеніп кетті

0
596

Өрт кезінде үйде бір жасар баладан басқа 5 жасар бала мен 14 жастағы қыз бала болған.


Павлодарда жеке үйден шыққан өрттен бір жасар сәби тірідей өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Павлодарда жеке үйден шыққан өрттен бір жасар сәби тірідей өртеніп кетті. Тағы 5 және 14 жастағы екі бала зардап шекті, деп жазады tengrinews.kz.

Өрт туралы хабарлама "101" пультіне 10 желтоқсанда сағат 17:57-де түскен. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мілңметінше, екі қабатты кірпіштен қаланған жеке тұрғын үйдің бірінші қабатында екі кресло, биік орындық, кілем, сондай-ақ екінші қабатқа апаратын ағаш баспалдақ өртенген.

"Барлау кезінде залдан 2021 жылы туған баланың күйіп кеткен денесі табылды", - деді Павлодар қалалық ТЖД бастығының орынбасары Тілекжан Ғалямов.

Өрт кезінде үйде бір жасар баладан басқа 5 жасар бала мен 14 жастағы қыз бала болған.

Өрт 18:32-де оқшауланды, 18:47-де өрт жойылған. Өртті сөндіруге 5 бірлік техника мен 16 адам жұмылдырылған.