Павлодардағы Ұзынсу ауылын топан судан қорғау үшін республикалық жол бұзылды

0
604

Қазір Атамекен-Ертіс-Русская Поляна автожолының 194-236 км аралығында көліктің барлық түріне шектеу қойылды.


Павлодардағы Ұзынсу ауылын топан судан қорғау үшін республикалық жол бұзылды

ERNUR.KZ. Ертіс ауданының Ұзынсу ауылына қарғын су қауіп төндіруіне байланысты мамандар осындай шешім қабылдаған. Қазір Атамекен-Ертіс-Русская Поляна автожолының 194-236 км аралығында көліктің барлық түріне шектеу қойылды, деп жазады inform.kz.

3 сәуір күні сағат 06.00 шамасында Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылына су тасқыны қаупі төнуіне байланысты жергілікті атқарушы органның шешімімен республикалық маңызы бар «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» автожолының 207 шақырымын бұзу жұмыстары атқарылды. Еріген қар суы қазір сол арқылы ағып кетіп жатыр. Панфилов ауылынан РФ шекарасына дейінгі 194-263 шақырым аралығында көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы бақылау орнатылды. Аталған учаскеде 9 техника жұмыс істеп жатыр», - деп мәлімдеді компаниядан.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті облыс бойынша 7 автожол учаскесі бақылауда тұрғанын мәлімдеді. Қардың еруі және нөсер жаңбырдың салдарынан қазіргі уақытта Ақтоғай, Шарбақты және Ертіс аудандарында жалпы саны 18 тұрғын үй су астында қалды.

Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылында су деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр. Су тасқынына қарсы іс-шаралар Жалаулы ауылында да жүргізілуде. Кеше 1 200 қапшық төселіп, 275 тонна инертті материал төгілген. 90 мың текше метр су сорылды.

Қазіргі таңда солтүстік аумақтағы аудандар ерекше бақылауда тұр. Железин мен Тереңкөл аудандарында елді мекендерден еріген қар суын бұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 350 адам, 137 бірлік техника, 39 мотопомпа, 2 жүзу құралы жұмылдырылылған.

Еске сала кетейік, павлодарлық құтқарушылар Шолақсор ауылын топан судан аман алып қалды. Облыста су тасқынына байланысты бір ауылда төтенше жағдай жарияланды.