Павлодардағы зауытта екі адам күйік алды

0
364

15 тамызға қараған түні Павлодар алюминий зауытының гидрометаллургиялық цехында жұмыс жүргізу кезінде екі қызметкерге сілтілі ерітінді түсті.


Павлодардағы зауытта екі адам күйік алды

ERNUR.KZ. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп жазады sputnik.kz.

15 тамызға қараған түні Павлодар алюминий зауытының гидрометаллургиялық цехында жұмыс жүргізу кезінде екі қызметкерге сілтілі ерітінді түсті.
Зардап шеккендер қалалық аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Олардың бірі жалпы палатада, екінші қызметкер реанимацияда емделді.
Компания қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алды, реанимациядағы қызметкер үшін бөлімде қалатын күйік алған адамдарға арналған төсегі сатып алынды.
Айта кетейік, Мемлекеттік органдарға оқиға туралы хабарланды. Аталмыш іс бойынша тергеу жүргізілуде.