Оның 5, 10 және 13 жастағы үш баласы бар, оларға үйдегі шаруашылыққа зейнеткер анасы көмектесетін.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Қайғылы жаңалықпен poiskoviki_pavlodara_vita Іnstagram әлеуметтік парақшасында бөлісті, деп жазады Рavlodarnews.kz.
"Жаңа ғана қайғылы жаңалық келіп жетті. Настя қайтыс болды... Оның отбасына көрсеткен көмек үшін баршаңызға рахмет. Біз ол балалары көшеде қалмайтынын біліп өткендей әрекет етіп үлгердік", - деп жазды іздеу жасағы.
Еске сала кетейік, облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны Ставковаға дәрігерлер төртінші сатыдағы қатерлі ісік диагнозын қойған. Аурудың салдарынан әйелге дәрі-дәрмек алуға қаржы жетпей, пәтер жалдау бойынша қарыздары жиналып қалған, бұған қоса, үш балаға киім керек болды. Павлодарлық еріктілер облыс орталығының тұрғынына қаражат жинай бастады.
Әйел адам 5, 10 және 13 жастағы үш баланы тәрбиелеп отыр, оларға үйдегі шаруашылыққа зейнеткер анасы көмектесетін.
Ауыр дертке шалдыққан Анастасияға көмек көрсету үшін еріктілер 4 млн теңге жинап, шағын отбасылық типтегі пәтер сатып алғысы келген. Алайда, жомарт жандардың саны артып, сома 17 млн теңгеден асты.