Педагогтардың республикалық Тамыз конференциясы басталды

0
642

Сондай-ақ форумның пленарлы отырысында үздік педагогтарды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтеді.


Педагогтардың республикалық Тамыз конференциясы басталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда педагогтардың республикалық тамыз конференциясы басталды. Форум 19 тамызға дейін жалғасады және дәл осы күні қорытынды пленарлық отырыс өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Екі апта бойы панельдік сессияларда педагогтар мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

«Тамыз конференциясының мақсаты – педагогикалық қауымдастықпен диалог орнатып, білім беру саласындағы проблемаларды, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылау. Сондай-ақ жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттері айқындалады. Шараға жаңашыл педагогтар, білім беру ұйымдарының үздік жетекшілері, сарапшылар мен ата-аналар қауымының өкілдері қатысады. Спикерлер дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары мен презентациялар өткізеді», - деді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Панельдік секциялар мен пленарлы отырыстың материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін министрліктің сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Форумның пленарлы отырысы министрліктің Facebook, Instagram және YouTube желісіндегі парақшаларында көрсетіледі.

Сондай-ақ форумның пленарлы отырысында үздік педагогтарды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтеді.