Перзентханда шетінеген егіз сәбидің құны небәрі 200 мың теңге

0
1 735

​Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында Теміртау қаласы тұрғынының облыстық денсаулық сақтау басқармасына, облыстық перинаталды орталығына, №2 емхана мен Теміртау қалалық перзентханасына қатысты моральдық шығын өтеу бойынша жазылған арызы негізінде азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды matritca.kz.


Перзентханда шетінеген егіз сәбидің құны небәрі 200 мың теңге

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында Теміртау қаласы тұрғынының облыстық денсаулық сақтау басқармасына, облыстық перинаталды орталығына, №2 емхана мен Теміртау қалалық перзентханасына қатысты моральдық шығын өтеу бойынша жазылған арызы негізінде азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды matritca.kz.


Теміртау қаласы тұрғынының жүктілік кезеңі қиындықсыз өтіп жатқан. Жоспарлы босану уақыты 2017 жылдың 15 қарашасына белгіленген, бірақ 12 қараша күні жағдайының нашарлап кеткенін сезген әйел Теміртау қаласындағы перзентхананың қабылдау бөліміне барып, жедел түрде перзентханаға жатқызуларын өтінген. Дәрігерлер оның ұсынысынан бас тартқан.

«15 қарашада әйел облыстық перинаталды орталыққа келіп түседі, ал 17 қарашада шетінеп кеткен шала туылған егіздерді дүниеге әкеледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде әйелге сапасыз медициналық көмек көрсетілгені анықталды», - делінген хабарламада.

Сот әйелдің талаптарын ішінара қанағаттандырды және моральдық зиян үшін өтемақы мөлшерін 200 мың теңге деп белгіледі.