Петропавл жылу электр орталығындағы апаттың себебі анықталды

0
874

Технологиялық бұзушылықты тексеру бойынша комиссия жұмысы бұдан әрі жалғасады.


Петропавл жылу электр орталығындағы апаттың себебі анықталды

ERNUR.KZ. Петропавл ЖЭО-2 №1-ші түтін мұржасының құлауының алдын ала себептері анықталды, деп жазады baq.kz

Энергетика министрлігі белгілеген технологиялық бұзушылықты тексеру жөніндегі комиссияның алдын ала мәліметі бойынша, түтін мұржасындағы түтін газдарының ең төменгі температурасына сәйкес келмейтін бу қазандықтарының жұмыс режимі бұзылған.

Мұржаның бойындағы шығатын газ температурасының төмендеу факторы "шық нүктесінің" шығуына және мұржаның ішкі бетінде су конденсатының пайда болуына, ал конденсат қазандықтан шығатын газдың басқа қоспаларымен (күкірт қышқылы SO2) қосылып, қышқылдарға айналғандығы болуы мүмкін. Қышқылдың әсер етуі бетонның мерзімінен бұрын және түтін мұржасының негізінің бұзылуына алып келді, - делінген хабарламада.

№ 1-ші түтін мұржасының техникалық жағдайын анықтау үшін және қазандықтардың пайдалану режимдерін, оның ішінде шығатын газдың температураларын сақтау бойынша сараптамалар жүргізу белгіленді.

Технологиялық бұзушылықты тексеру бойынша комиссия жұмысы бұдан әрі жалғасады.