Петропавлда 25 жастағы Тәжікстан азаматы суға батып кетті

0
853

Жастар катамаранға мініп, жағадан тереңдігі шамамен 2,5-3 метр болатын жерге дейін жүзіп барған.


Петропавлда 25 жастағы Тәжікстан азаматы суға батып кетті

ERNUR.KZ. Петропавлда Пестрое көлінде 25 жастағы Тәжікстан азаматы суға батып кетті, деп жазады sputnik.kz.

"Жастар катамаранға мініп, жағадан тереңдігі шамамен 2,5-3 метр болатын жерге дейін жүзіп барған. Жігіт суға батып бара жатқаны туралы ешбір белгі бермеген. Оның қасында болған жігіттер алдымен өздері құтқармақ болған. Содан кейін 100-150 метр қашықтықта болған құтқарушылар көмекке келген", - деді брифингте Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Марат Мұратов.
Ол трагедия көлдің суға түсуге тыйым салынған бөлігінде болғанын атап өтті.
"Құтқарушылар суға батқан адамды шығарып, тірілтпек болған, бірақ, өкінішке қарай, жігітті аман алып қала алмады. Дәрігерлер мен жедел жәрдем бригадасы да жас жігітке жан бітіре алмады", - деді Мұратов.
Осыдан үш күн бұрын Петропавлдағы Пестрое көлінде 64 жастағы ер адам белгісіз жағдайда суға батып кетті.
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері бес адам суға кетті, оның бірі бала. Қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға арналмаған орындарда болған. Өткен жылы өңірде 22 адам суға кетті, оның ішінде алты бала бар.