Петропавлда коммуналдық базардың екінші қабатында дүкендер өртеніп жатыр
фото: © Sputnik / Елена Бережная
ERNUR.KZ. Петропавл қаласының орталығында коммуналдық базардан өрт шықты, деп жазады Sputnik.
Екінші қабат лапылдап жанып жатыр, онда киім-кешек, ойыншық, әтір және тұрмыстық химия дүкендері орналасқан.
Оқиға орынында өрт сөндірушілер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Қатты соққан жел жағдайды одан сайын ушықтыруда.
Базардан эвакуацияланғандардың айтуынша, түтін иісін сезіп, өрт сөндіру қызметін шақырған екен.
"Киім-кешек сататын дүкенім түгел жанып жатыр. Зәре құтым қалмады", — дейді дүкен иесі Sputnik тілшісіне.
Атап өтсек, базар ғимарат ішінде орналасқан. Бұрын бұл ғимарат С.Киров атындағы зауыт корпустарының бірі еді.