Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды.
ERNUR.KZ. Петропавлда 16 жастағы 3 жасөспірімді белгісіз біреулер соққыға жықты. Күдіктілердің бірі қолға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.
«7 мамыр күні сағат 00:58-де Петропавл полициясына Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Белгісіз адамдардың жанжалы кезінде 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақаты салынған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді»,-делінген хабарламада.
Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.