Петропавлда бір тәулікте 650-ге жуық саяжай учаскесі су астында қалды

0
738

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, су басқан саяжай учаскелерінің 148-і Заречный кентіндегі «Труд», «Сатурн», «Строитель» және «Ренет» саяжай қауымдастықтарында орналасқан.


Петропавлда бір тәулікте 650-ге жуық саяжай учаскесі су астында қалды

ERNUR.KZ. Петропавлда Есіл өзенінің тасуынан су басқан саяжай учаскелерінің саны 700-ге жуықтады. Өзен суының деңгейі әлі көтеріліп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Петропавлда Есіл өзенінің тасуынан өткен тәулікте 30 саяжай учаскесі су астында қалған еді. Бүгін олардың қатарына тағы 642-сі қосылды.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, су басқан саяжай учаскелерінің 148-і Заречный кентіндегі «Труд», «Сатурн», «Строитель» және «Ренет» саяжай қауымдастықтарында орналасқан.

Тағы 302 учаске Речпорт аумағындағы үш саяжай қауымдастығына тиесілі.

Ал Хромзауыт ауданындағы «Элегия» саяжай қауымдастығында - 19, «131 км» деп аталатын ауданда – 24, Мичурино елді мекеніндегі «Первенецте» 67 учаске су астында қалды.

Сондай-ақ, балық тәлімбағы ауданында – 33, «Учитель 1,2,3» саяжай қоғамдастықтарында – 98, «Буревестникте» - 51, «Изумрудта» - 21 саяжай учаскесі суда тұр.

Мамандардың айтуынша, Есіл өзенінің тасуынан тұрғын үйлерге су кірген жоқ, яғни зардап шеккендер тіркелмеді.

Ал «Челябі-Новосібір» халықаралық маңызы бар автожолы әлі жабық. Мұнда трасса үстінен өткен судың тереңдігі 55 см, ұзындығы 250 метрге жетті.

17 сәуір күні Заречный кентіне баратын екінші автожолды су басты. Оның тереңдігі 17 см болса, жайылған ұзындығы 70 метр.