Петропавлда ірі өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

0
473

Жалын 11 үйді шарпыған.


Петропавлда ірі өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Петропавлда Береке шағынауданында болған өртке байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп жазады stan.kz.

Жалын 11 үйді шарпыған. Ал зардап шеккен отбасылар уақытша туыстарының үйіне және жалдамалы пәтерлерге орналасыпты. Ал жалдамалы пәтер ақысы демеушілік қаржы есебінен төленеді.

"Аумақтық масштабта техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізу ҚР заңнамасына сәйкес зардап шеккен отбасыларға шығынды жылдам өтеуге мүмкіндік береді", – делінген әкімдік хабарламасында.

Төтенше жағдай жарияланған соң өрттен келген залалды есептеу үшін тәуелсіз сарапшылармен келісім жасалады. Ал зардап шеккен үй иелерінің әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек төленеді екен.

Әкімдік мәліметіне сәйкес өрт кезінде азаматтардың құжаттары жанып кеткен. Қазір олар құжаттарын жылдамдатылған негізде қалпына келтіруде. Тек осыдан кейін материалдық көмекті ала алады.