Ол қазір қамауда отыр.
ERNUR.KZ. Облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады zakon.kz.
Арыз Петропавл полициясына 4 мамырда түскен, деп мәлімдеді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер күдіктіні анықтап, қамауға алды. Ол қазір қамауда отыр.
СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша тиісті сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, процессуалдық шешім соның қорытындысы бойынша қабылданатынын айтты.