Петропавлдағы блокбекеттер алынады

0
1 080

14 желтоқсаннан бастап Петропавлда карантин режимі жеңілдетіледі.


Петропавлдағы блокбекеттер алынады

ERNUR.KZ. Петропавлда шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов брифингте мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

14 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап Петропавлда карантин режимі жеңілдетіледі.


"Демалыс күндері Петропавлда қоғамдық көлік жұмыс істейді. Облыс ішіндегі автобус қатынасы жанданады. Кітапханалар, мұражайлар мен театрлар қайта ашылады. Діни нысандар жұмыс істей алады", - дейді СҚО әкімі.


500 шаршы метрден асатын сауда-ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендер тек жексенбіде жұмысын тоқтатады. Бұрын олар демалыс күндері жұмыс істемеген еді.