Пойыз бен автобус апаты: Шамалған станциясында жол өткелінің қашан салынатыны белгілі болды

0
1 095

Қазақстанның автомобиль жолдарында теміржол арқылы өтетін 1058 қиылыс бар.


Пойыз бен автобус апаты: Шамалған станциясында жол өткелінің қашан салынатыны белгілі болды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Шамалған станциясындағы жол өткелі 2020 жылы салынады деп жоспарлануда, деп жазады ҚазАқпарат.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Шамалған станциясындағы теміржол өткелінде орын алған төтенше оқиғаны ескере отырып, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша аталмыш станциядағы жол өткелінің құрылысына қаржы қарастырылды.

Қазіргі таңда Шамалған станциясындағы жол өткелінің құрылысына жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстар 2020 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарлануда.

Құрылыс-монтаждық жұмыстар жоспар бойынша 2020 жылдың соңына дейін аяқталмақ.

Қазақстанның автомобиль жолдарында теміржол арқылы өтетін 1058 қиылыс бар.