Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
ERNUR.KZ. Ұлттық тасымалдаушы пойыздағы жоғарғы және төменгі орындар билеттер құнына сараланған тәсіл енгізеді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды.
Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:
1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;
2. № 51/52 «Алматы – Орал»;
3. № 105/106 «Алматы-Петропавл»;
4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;
5. № 29/30 «Алматы-Атырау».