Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

0
1 589

Ведомствоның мәдени орталығы мерекелік бағдарлама дайындаған. Полиция департаменті әйелдер кеңесінің өкілдері саxнада ұлттық салт-дәстүрді паш етті.


Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

ERNUR.KZ. Солтүстікқазақстандық полицейлер Петропавлдағы шағын аудандардың бірінің тұрғындары үшін мерекелік шаралар дайындады, деп жазады ҚазАқпарат .

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Жұмысшылар кентінде ұйымдастырушылар ұлттық стильдегі киіз үй тіккен. Полиция департаменті басқармасының қызметкерлері наурыз көже, бауырсақ, палау пісірген.

Ведомствоның мәдени орталығы мерекелік бағдарлама дайындаған. Полиция департаменті әйелдер кеңесінің өкілдері саxнада ұлттық салт-дәстүрді паш етті.

«Спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, балаларға арналған ойын-сауық мерекені қыздыра түсті. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Полицейлер Жұмысшылар кентіндегі көмекке мұқтаж жандар үшін жеке сыйлықтар дайындады. Осы шағын ауданда тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік таратты», - деді баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері де назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін спорттық байқаулар, сыйлықтар, мерекелік дастарxан ұйымдастырылды.