Полицейдің өзі тастаған темекі тұқылын өзіне алдырды (видео)

0
1 506

«Facebook» желісінде танымал блогер Айболат Букенов құқық қорғау қызметкерінен тастаған темекі тұқылын жерден көтеруін талап етті,-деп жазады ERNUR.KZ uralskweek.kz.-ке сілтеме жасап.​


Полицейдің өзі тастаған темекі тұқылын өзіне алдырды (видео)

«Facebook» желісінде танымал блогер Айболат Букенов құқық қорғау қызметкерінен тастаған темекі тұқылын жерден көтеруін талап етті,-деп жазады ERNUR.KZ uralskweek.kz.-ке сілтеме жасап.

Жол патрульдік полицияясының көлігінде отырған қызметкердің терезеден қоқыс тастағанын көрген блогер оқиға орнына камерасымен келген. Қолында камера барын көрген полиция қызметкері тезарада тастаған темекі тұқылын қайта алып, кешірім сұрай жөнелген.

«Менің камерамды көргеннен кейін дереу қоқысты алып, менен кешірім сұрай жөнелді. Оның кешірім сұрағаны емес, заң алдында хан да қара да тең болғаны керек. Олар өздері кішкентай заң бұзушылыққа айыппұл төлеуге мәжбүрлей тұра, өздері ешқандай заң мен ережеге бағынғылары келмейді»,-дейді видео авторы, блогер Айболат Букенов.

видео желіден алынды